Таиланд пен Камбоджа арасындағы әскери жанжал ушығып тұр. Екі тарап та қақтығыста қару-жарақ қолданып жатқанын мәлімдеді. Кикілжің басталғалы кемі 16 адам қаза тапқан. Оның басым бөлігі – бейбіт тұрғындар. Ресми Бангкок пен Пномпень қарулы қақтығысқа бір-бірін айыптап отыр.
Түркияда ресейлік «Росатом» компаниясы салып жатқан АЭС жұмысшылары наразылыққа шығып, полиция су шашып таратқан. Бұған жалақының уақтылы берілмеуі себеп. Жұмысшылар арасында Қазақстаннан барып жұмыс істеп жүрген азаматтар да бар. Олардың бірі Азаттыққа наразылықтың мән-жайын баяндап берді.
Зангезур дәлізін АҚШ бақылауына алу жайлы Вашингтонның ұсынысы Оңтүстік Кавказдағы қайшылықтарды күшейтіп, Иранды алаңдатып қойды. Армения аумағынан өтетін бұл дәліз Әзербайжанды Нахчыван дейтін эксклавымен байланыстырмақ.
АҚШ-та тағы бір штатты су алды. Бұл жолы табиғи апат Нью-Мексикоға жетті. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Ал Техаста тасқыннан қаза тапқандар саны 111-ге жетті. Тағы екі жүзге жуық адам із-түзсіз жоғалған. Жергілікті билік хабар-ошарсыз кеткендердің саны одан да көп болу мүмкін деп алаңдайды.
Бүгінде бір-бірін зымыран-дронмен атқылап жатқан Тегеран мен Тель-Авив 1979 жылы Иран монархиясы құлаған революцияға дейін тату тұрып, сауда жасаған, бір-біріне туристер жіберген.
Ауғанстан астанасы Кабул бес жыл ішінде мүлде сусыз қалуы мүмкін. Бұған халық санының тез өсуі, климаттың өзгеруі және суды дұрыс басқармау себеп. Кабулдың көп ауданы қазірдің өзінде сусыз отыр, тұрғындар тамақ пен барған сайын қымбаттап жатқан судың бірін таңдауға мәжбүр.
Гаагада өткен НАТО саммитінің қорытындысында альянс елдері қорғаныс шығындарын күрт ұлғайтуға келісті. Украинаның ұйымға мүшелігі жайлы бір ауыз сөз де айтылмағанымен, оған қолдау көрсету жалғасатыны жөнінде жеке тармақ бар. Сарапшылар саммит АҚШ президенті үшін үлкен жеңіс болды дейді.
24 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран бітімге келді деп жариялады. 13 маусымнан бері бір-біріне әуеден шабуыл жасап келген Израиль мен Иран оқ атпау туралы ұсынысқа келіскенін мәлімдеді.
Тағы